2016 жылға атқарылған жұмыстар

Ақтөбе облысының
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының
2016 жылға атқарылған жұмысы туралы
Басқарманың негізгі мақсаты Ақтөбе облысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Құрылыс сенімділігі мен қауіпсіздігін, салынып жатқан объектілердің тұрақты жұмыс істеуін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуін басшылыққа алады.
Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
1) «Жобалау қызметіне лицензия беру»;
2) «Іздестіру қызметіне лицензия беру»;
3) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;
4) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру»;
5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;
6) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы».
Бүгінгі таңда облыс аумағында 879 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда, оның ішінде:
Тұрғын үй нысандары – 66,
Білім беру нысандары – 46,
Денсаулық сақтау нысандары – 16,
Автомобиль және темір жол жолдары – 30,
Коммуналдық мақсаттағы және инженерлік желілер – 173,
Әкімшілік-аумақтық сауда және қоғамдық нысандар – 18,
Өндірістік нысандар – 39,
Басқалары – 491.
Облысымызда 1704 жуық лицензияға ие мекеме бар (ҚМЖ-1241, ЖҚ-353, ІҚ-110), оның ішінде:
1 санаттағы лицензиялар – 43,
2 санаттағы лицензиялар – 304,
3 санаттағы лицензиялар – 1357.
2016 жылға 806 құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны турлы хабарлама қабылданды.
2016 жылға құрылыс қызметінің сапасын бақылау бойынша, 190 жоспардан тыс тексеру жүргізу арқылы жүзеге асыруда және 247 – қадағалау мен бақылаудың өзге де нысаны жүргізілді, тексеріс нәтижесі бойынша 107 нұсқама берілді.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 108 субъекті әкімшілік жауаптылыққа тартылды (МСҚБ органымен – 79 және сот органымен - 29) және 21 856 905 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды (МСҚБ органымен – 18 495 120 теңге және сот органымен – 3 361 785 теңге).
Салынған айыппұлдарды өндіріп алу 93% құрап отыр.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік және эксперттік жұмыстарды жүргізу үшін облыста 375 аттестат иелері бар.
2016 жылға сарапшылардың аттестаттары үшін алуға барлығы - 200 өтініштері түскен және 103 аттестатт беріліп, оның ішінде:
- техникалық қадағалау жүзеге асыруға берілген аттестаттары – 78;
- жобаларды сараптауға берілген аттестаттары - 21;
- аттестаттарын авторлық қадағалауды жүзеге асыруға берілгені - 2;
- техникалық тексеруді жүзеге асыруға берілген аттестаттары – 2;
- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі мен тестілеуден өтпегені үшін бастартылғаны - 97.
2016 жылға қатысты лицензия алу үшін, қайта ресімдеу және қосымша түрлерін енгізу/кіші түрлерін жүзеге асыру жұмыстарына барлығы - 151 сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өтініш берілсе, оның ішінде: ҚМЖ лицзензиялау – 37 берілді, ЖҚ лицензиялау – 4 берілді, ІҚ лицензиялау – 7 берілді.
2016 жылдың 1 қаңтарынан ҚР заңнамасында өзгерістердің күшіне енуіне байланысты 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіштері күрт өзгерді, яғни азайды:
- Жоспардан тыс тексерістер саны 2 есеге - (181%)
- Қадағалау мен бақылаудың өзге де нысаны саны 3 есеге (317,4%)
- ҚМЖ лицзензиялау – (50%)
- ЖҚ лицензиялау 4 есеге – (400%)
- ІҚ лицензиялау – (129%)
- Қосымша жұмыс түрлерін қосу – (100%)
- Қайта рәсімдеу – (50%)
- Бастартылғаны – (134%)
- Техникалық тексеруді жүзеге асыруға берілген аттестаттары 2 есеге – (200%) азайды.
Сонымен қатар, келесі көрсеткіштер артты:
- Берілген нұсқамалар саны – (58%)
- Салынған айыппұл саны 1,5 есеге – (168,64%)
- Техникалық қадағалауға берілген аттестаттары – (47%)
- Жобаларды сараптауға берілген аттестаттары 2 есеге – (200%)
- Авторлық қадағалауға берілген аттестаттары - (100%), бастартылғаны – (163%) артты.