«ЭКСПО-2017»халықаралық мамандандырылған көрмесінің билеттерін сатып алу туралы

«ЭКСПО-2017»халықаралық мамандандырылған көрмесінің билеттерінің сатылымы бойынша келесіні хабарлайды.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап әр жолаушы және/немесе жолаушылар тобы белгіленген тәртіпте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) кассаларынан Қоғамның пойыздарымен кез келген бағытта жол жүру құжаты + ЭКСПО билеті қамтылған кешенді қызмет сатып алуына (қалауы бойынша) болады.
Кешенді қызмет аясында Қоғам ЭКСПО билеттерінің 3 санатын ұсынады:
- күні қойылған, жұмыс күні баруға болатын ЭКСПО билеті – 2 400 теңге, яғни жолаушы және/немесе жолаушылар тобы көрмеге жұмыс күні бару үшін нақтылы бір күнді тандауы тиіс;
- күні қойылмаған, жұмыс күні баруға болатын ЭКСПО билеті – 3 400 теңге, яғни жолаушы және/немесе жолаушылар тобы осындай ЭКСПО билетімен көрмеге кез келген жұмыс күні бара алады;
- күні қойылмаған, демалыс күні баруға болатын ЭКСПО билеті – 4 400 теңге, яғни жолаушы және/немесе жолаушылар тобы осындай ЭКСПО билетімен көрмеге кез келген жұмыс күні бара алады.
Сондай-ақ, «Тұлпар-Тальго» коммерциялық пойыздарымен жол жүруге 15 % жеңілдік (жеңілдік 2017 жылдың соңына дейін жарамды) беретін және күні қойылмаған, демалыс күні баруға болатын 1 ЭКСПО билеті сыйлыққа берілетін жаңа Астана ЭКСПО дисконт картасын қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз. Дисконт картасынҚазақстанның ірі темір жол вокзалдарындағы Қоғамның билет кассаларынан 9 999 теңгеге сатып алуға болады.
Осыған байланысты, а.ж. 30 наурызынан кешіктірмейжолаушылар санын(ересектер және 15 жасқа дейінге балалар), аймақтан шығатын күнін, Астанадан қайтатын күнін, пойыз номерін, вагон типін және ЭКСПО билетінің санатын көрсетіп жазбаша өтінімдерді Қоғамға беру қажет.