Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша ақпарат

Басқармамен құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша:
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің диспозициясына сәйкес төрт тапсырыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
- ҚР құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін он тапсырыс берушілерге кемшіліктерді жоюға нұсқама берілді.