Құқықтық оқыту аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2017 жылдың 31 наурызында Басқарма басшысының 2017 жылғы 5 қаңтардағы №23-Ө Бұйрығымен «2017 жылға арналған жалпы құқықтық оқыту туралы» жоспары аясында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 31 наурыздағы №4-09/872 хатына негізделе дәріс өткізілді. Дәрісте «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығының сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мен Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілгені түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің келесі стандарттарына тоқталып өтті:
- Мінез-құлықтың жалпы стандарттары;
- Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары;
- Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары.