Мемлекеттiк сатып алу туралы

Басқармада қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты жұмыстары «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылып отырылады.
Мемлекеттік сатып алу кезінде жылдық жоспарды әзірлеп және бекітіледі, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтып отырады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңында көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаттарына негізделеді.
2017 жылдың басынан бастап осы күнге дейін 2 – ашық конкурс, 3 – баға ұсынысы тәсілімен, 15 – бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы өткізілді.