23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күні

«23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шараға облыс басшысы Б.Сапарбаев, барлық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері, сала ардагерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Аталған салтанатты іс-шарада мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға зор үлес қосып жүргені үшін басқарманың бас маманы Жекенаева Мария Мұсақызы алғыс хатпен марапатталды