Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметіне қатысты брифинг

2017 жылдың 4 шілдедесінде «Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Б.Пірімбетовтің баяндауымен брифинг өтті. Брифинг барысында басқарманың қызметі мен көрсеткіштері жөнінде айтып өтіп және БАҚ өкілдерінің құрылыс саласындағы қойылған сұрақтарына жауап берді.
2017 жылдың 6 айы бойынша 542 құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарлама қабылданды.
Лицензия алу үшін, қайта ресімдеу және қосымша түрлерін енгізу/кіші түрлерін жүзеге асыру жұмыстарына барлығы 152 өтініш қаралды, оның ішінде 12 лицензия берілді, 3 қосымша жұмыс түрлері қосылды, 71 қайтарәсімделді, 65 бастартылды.
Сарапшылардың аттестаттары үшін алуға барлығы 167 өтініштері қаралды, оның ішінде 63 аттестат берілді және 104 бастартылды.
Құрылыс қызметінің сапасын бақылау бойынша 457 жоспардан тыс тексеру және 40 қадағалау мен бақылаудың өзге де нысаны жүргізілді, тексеріс нәтижесі бойынша 80 нұсқама берілді. 38 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы соммасы 22 984 970 теңге әкімшілік айыппұл салынды.