Іс қағаздарын жүргізу туралы

2017 жылдың 14 шілдесінде Облыстық мемлекеттік архивімен бірлесе «Іс қағаздарын жүргізу, құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын игеру мен ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұлттық архив қорының жинақтау, сараптау және ведомствалық архивтерді бақылау тобының жетекшісі Бабасова Агилен Мырзабайқызы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығына сәйкес әзірленгенін, үлгілік қағидалар басқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібі мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда (бұдан әрі – ұйымдар) құжаттаманы басқару тәртібін белгілейтінін және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамаларға қолданылатынын атап өтті.