Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2017 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент қызметкерлері мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс қорытындысы тыңдалды.