Құрылысшылар күні!

Тамыз айының екінші аптасында атаулы Құрылысшылар күні тойланды. Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара ҚР тұңғыш Президенті орталық саябағында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың құттықтауымен басталып және Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымының концерттік бағдарламасы мен эстраданың танымал әншілері Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан өнерлерімен жалғасын тапты.