2018 жылдың 4 айындағы атқарылған жұмыстар

Ағымдағы жылдың 4 айында 398 құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарлама қабылданды.
Басқармамен 254 жоспардан тыс тексеру, 110 – қадағалау мен бақылаудың өзге де нысаны жүргізілді, тексеріс нәтижесі бойынша 26 нұсқама берілді.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 39 субъекті әкімшілік жауаптылыққа тартылды (МСҚБ органымен – 27 және сот органымен - 12) және 8,1 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды (МСҚБ органымен – 5,9 млн теңге және сот органымен – 2,2 млн теңге).
Ағымдағы жылдың 4 айында басқармамен 1 АГҚС (автокөлік газ құю станциясы) бұзылды.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 4 айында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензия алу үшін, қайта ресімдеу және қосымша түрлерін енгізу/кіші түрлерін жүзеге асыру жұмыстарына барлығы – 136 өтініш берілсе, оның ішінде: ҚМЖ лицензиялау – 10 берілді, ЖҚ лицензиялау – 3 берілді, ІҚ лицензиялау – 3, қосымша түрлерін енгізу/кіші түрлерін жүзеге асыру жұмыстарына – 4, қайта ресімдеуге – 50 берілсе, кері қайтарылды (біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты) – 64 .
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында барлығы 1797 лицензия иелері бар, оның ішінде:
1 санаттағы лицензиялар – 49, (ҚМЖ-38, ЖҚ-11)
2 санаттағы лицензиялар – 300,
3 санаттағы лицензиялар – 1448.
Ағымдағы жылдың 4 айында аттестаттар алу үшін барлығы - 122 өтініштер түскен және 49 аттестатт беріліп, оның ішінде:
- техникалық қадағалау жүзеге асыруға берілген аттестаттары – 36;
- жобаларды сараптауға берілген аттестаттары - 8;
- аттестаттарын авторлық қадағалауды жүзеге асыруға берілгені - 1;
- техникалық тексеруді жүзеге асыруға берілген аттестаттары – 4;
- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі мен тестілеуден өтпегені үшін бастартылғаны – 73.
Сондай-ақ басқармамен аяқталмаған құрылыс болып табылатын, ұзаққа созылған нысандар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, Сіздің тапсырмаңыз бойынша, ұзаққа созылған нысандарды бақылауға қатысты, атап айтқанда, Тамара Әжібаева тапсырыс беруші болып табылатын "Красин к-сі, 49 орналасқан Қонақ үй кешеніне" құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде оң динамикасы байқалады. Осылайша, бүгінгі күні МСҚБ бақылауымен ғимарат шатырын монтаждау және терезелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сол уақытта ұзақ мерзімде салынып жатқан келесі нысандар бойынша жұмыстар жандандырылды:
- «Юго-Запад» тұрғын үй кешенінің 6 бес қабатты тұрғын үйлерінің құрылысы, тапсырыс берушісі "Мизам" ЖШС, МСҚБ басқармасымен қадағалау мен бақылаудың өзге де нысаны жүргізіліп, қорытындысы бойынша ҚР ҚНЖЕ талаптарынан ауытқуды жою үшін нұсқама берілді. Бүгінгі күні ескертулер жойылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
- «Жүргізушілер дайындау оқу орталығы», Ә. Молдағұлова даңғылы 36, тапсырыс берушісі Алия Уканова, құрылыс салушы ғимаратты салу бойынша жұмыстарды аяқтаған, уақытша қоршауға демонтаж жасалды.
- Медициналық мекеме, Есет-батыр көшесі, 5В, тапсырыс беруші Сағындық Габдсаттаров, қазіргі уақытта иесі, берілген кестесіне сәйкес нысанның қасбетін және абаттандыру жұмыстарын 2018 жылғы маусым айына дейін аяқтауға міндеттенеді.
- Кафе құрылысы, Ғ. Жұбанова көшесі, уч. 1"Г" тапсырыс беруші Гүлмира Жумина, ғимарат қасбетін аяқтау кепілдік міндеттемесі бойынша 2018 жылғы маусымына жоспарланған. Бүгінгі таңда қасбетті әрлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- 11 ш. а., 144 "Б" мекенжайы бойынша "Арайлы" тұрғын үй кешені жапсарлас әлеуметтік-тұрмыстық-мәдени объектілері бар көпфункционалды тұрғын үйдің А/1 блогын салу, тапсырыс беруші «КапиталСтройМонтаж» ЖШС, қазіргі уақытта құрылыс салушының құрылыс-монтаж жұмыстарын бастағаны туралы хабарламасы қабылданды. Құрылыс-монтаж жұмыстары МСҚБ басқармасының тұрақты бақылауымен жүргізілуде.
Сонымен, Ақтөбе қаласы аумағында 23 ұзаққа созылған нысандар анықталды. Бүгінгі күні, атқарылған жұмыстар нәтижесінде есептен – 9 шығарылды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының әкімдігімен тізімге 12 ұзаққа созылған нысан қосылды. Барлығы 29 ұзаққа созылған нысан бар, олар бойынша МСҚБ басқармасымен қадағалау мен бақылаудың өзге де нысаны жүргізіліп, қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін нұсқамалар берілді.
Жоғарыда аталғандармен қатар, Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен тұрақты негізде жүк көлігі дөңгелектерін жуу және тазалау пункттері жоқ құрылыс объектілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі.
Басқарманың мониторинг жүргізу барысында 2018 жылдың өткен кезеңінде құрылыс нормаларының және құрылыс алаңдарын ұстау бойынша ҚР ережелерінің талаптарын бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсетілген мерзімде жою үшін нұсқамалар берілді. Бүгінгі күні барлық бұзушылықтар жойылды. Сондай-ақ басқармамен Ақтөбе облысының ІІД ЖПҚ (Ішкі Істер Департаментінің Жергілікті Полиция Қызметі), елді мекендер аумағында жолдардың ластануына жол бермеуге бағытталған тиісті іс-шараларды қабылдауда бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Мәселен, Ақтөбе облысының ІІД ЖПҚ ЖПП қызметкерлерімен (Ішкі Істер Департаменті Жергілікті Полиция Қызметінің Жол-Патрульдік Полиция) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 іс қозғалды