Мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
4. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша мемлекеттік мекеме болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілермен рәсімделетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдер қабылдайды.
9. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
10. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
11. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлікті басқарушы уәкілетті орган болып табылады.
12. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
13. Осы Ереже «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
15. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Миссиясы: «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын, лицензиялауын және аттестаттауын жүзеге асырады.
17. Міндеттері: Ақтөбе облысы аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын, лицензиялауын және аттестаттауын жүзеге асырады.
18. Функциялары:
1) Құрылыс нысандарының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
2) салынып жатқан (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) және пайдалануға берілген объектілердің мониторинг жүргізеді;
3) кемшіліктерге жол берген, не болмаса кемшіліктерді қалпына келтірмеген заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдайды;
4) сәулет-құрылыс қызметі саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен нормативтік құқықтық актілердің бұзылуына жол берілгенде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
5) техникалық және авторлық қадағалау қызметіне бақылау жүргізеді;
6) тапсырыс берушінің (меншік иесінің) объектілердің құрылысы кезінде техникалық және авторлық қадағалау жасауды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылау жасайды;
7) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;
8) ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
10) сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау және аттестаттау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуге қатысады;
11) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
12) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар береді;
13) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді;
14) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті органға үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат береді;
15) тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінің құрылысы барысына мониторингті жүзеге асыру үшін құрылыс салушылардан, уәкілетті компаниялардан, инжинирингтік компаниялардан және Кепілдік беру қорынан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратады;
16) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
18) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
19) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізеді;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Құқықтары мен міндеттері: Құқықтары:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұратады және алады;
2) техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы адамдардан осы құрылыс бойынша жобалық және атқарушылық техникалық құжаттарды, сондай-ақ тиісті жобаларды сараптама қорытындыларын танысу үшін сұратады және алады;
3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз барады және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізеді;
4) жобалар мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының сәйкестігіне салынып жатқан объектілер мен құрылымдарына, қолданылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларына тәуелсіз зертханаларды зертханалық сынақтар жүргізу үшін таратады;
5) Мыналарды:
- жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекітілген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасы қанағаттандырарлық қорытындысының, сондай-ақ техникалық қадағалау жүргізетін тұлғалардың қызметтерін бақылау жолымен құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің басталғандығы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырушы органдар хабарламасының болуын;
- хабарламада көрсетілген деректердің сенімділігін;
- техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау жолымен лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
- техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау жолымен орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) мен жабдықтарының, оның ішінде негізгі және қоршау конструкцияларының және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету бойынша бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін;
- техникалық қадағалау жүргізетін тұлғалардың қызметтерін бақылау жолымен құрылыс сапасын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және тағы басқа), жеке өндірістік бақылау мен қадағалаудың барлық түрлері мен нысандарын мердігердің (бас мердігердің) ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
- техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау жолымен орындаушылық құжаттаманы уақтылы және дұрыс ресімделуін;
- объектілердің құрылысы кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
- техникалық және авторлық қадағалау жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
6) Мемлекеттік нормативтерден және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден)ауытқуға жол берілген бұзушылықтарды анықтаған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:
- ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
- жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұруы туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).
Міндеттері:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заңнаманы бұзушыларға уақытында шаралар қабылдайды;
2) жүргізіліп жатқан тексеруге қатысты материалдарды объективті әзірлейді;
3) өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күреседі;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға басшылықты дербес жауапты болатын «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады.
21. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
2) «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штат кестесін бекітеді;
3) «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, және босатады, оларды көтермелейді және жаза қолданады;
4) «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері міндеттерінің ауқымын анықтайды;
5) өз құзыреті шегінде «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;
6) гендерлік теңдік саясатын іске асырады;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауына жеке жауапты болады және сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған шаралар қолданады.
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.