Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелері туралы мемлекеттік қызмет позитивті имиджін қалыптсатыру және нығайту туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтің имиджі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен
Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Мемлекеттік кызметші билік пен өз өкілектерін қолдана білуі және адал болуы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игіліне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?" деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оңы қоршаган дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
4. Мемелекттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.
Мемлекеттік қызметшілердің жағымды сипаты қалыптастыру 
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.
Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық - психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.
Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру - ауыр және ұзақ процесс.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде анықталған.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші -    мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшіде жоғары моралдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моралдық келбеті болуы қажет.
Тәртіпті бұзғаны үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының ережесі) талаптарын сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28 бабына сәйкес келесідей тәртіптік жазаларға қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымын төмендету және атқаратын қызметінен босату.