"Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңсесін іске асыру аясында

"Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңсесін іске асыру аясында сараптама кеңесінің басшысы басқарма қызметкерлерімен бірлесіп, МСҚБ басқармасы ұсынатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске Ақтөбе қаласының құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.
Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы лицензиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған Қазақстан Республикасы инфрақұрылым және ақпараттық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері Комитеті ұсынған мемлекеттік қызметтер саласындағы жоспарланған реформалар туралы айтып берді.
Сараптамалық кеңес басшысы аталған реформаларды табысты жүзеге асыру жақсы жаққа өзгеріс әкелетінін атап өтті.