Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептер

Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2019 жылғы есебі
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) Жобалау қызметтеріне лицензия беру;
2) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
3) Іздестіру жұмыстарына лицензия беру;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
5) Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестациялау.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензия алуға, қосымша жұмыс түрлерін/кіші түрлерін қосуға және қайта ресімдеуге қатысты барлығы 312 өтініш түсті.
Оның ішінде:
Құрылыс-монтаж жұмыстарына – 12;
Жобалау қызметіне – 4;
Іздестіру қызметіне – 10 лицензия берілді.
Қосымша жұмыс түрлерін/кіші түрлерін қосу – 6;
Қайта рәсімделгендер саны – 79.
Біліктілік талаптарына сондай-ақ, мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес келмегені үшін бас тартылғандар саны – 197;
Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестациялау бойынша – 241 өтініш түсті. Жалпы 57 аттестат берілді. Оның ішінде:
Техникалық қадағалау жүргізуге - 42;
Авторлық қадағалау жүргізуге – 4;
Экспертиза жасауға – 8;
Ғимараттар мен құрылыстардың сеніміділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бөлігінде – 3 аттестат берілді.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмегені және тестілеуден өтпегені үшін 184 өтініштен бас тартылды.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша 4 аккредиттеу куәлігі берілді.
2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 553.
Добавлено: 
06.04.2020 - 05:00
Последние изменения: 
06.04.2020 - 05:00